$ 449.3  489.69  4.89

«Даусы жоқ қой»: Альбина Шардаровамен ән салған Сатов жұрттан сөз естіп қалды (ВИДЕО)

Келіншегі Альбина Шардаровамен ән айтқан актер Бауыржан Сатов жұрттан сөз естіп қалды. Видеоны өнер иесі өзінің Instagram-парақшасына жүктеген. 

Альбина ән айтпай тұрып, «жыбырламай отырыңыз, мақұл ма?» дейді. Ал видеоны бөліскен Сатов «Жыбырламай, күліп отырған сол. «Қолымнан ұста». Керемет ән. Егер бір нәрсе дұрыс болмаса, кешірім сұраймын, жай осы ән ұнайды», деп жазған. 

Желі қолданушылары болса, «Ана баладан әнші шықпайды-ау», «Даусы жоқ қой», «Бақытты болыңдар» деп пікір қалдырған. 

Еске сала кетейік, былтыр тамыз айында Сатов пен Шардарова отбасын құрған болатын. Кейін актерді жұрт ажырасқан десе, әнші Альбинаны бір рет тұрмыста болған деп біразға дейін сөз қылды. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары