$ 444.22  476.38  4.82

Сыныптасының тойына барған жігіт сол жерде таяқ жеп қайтыс болды

Үйлену тойына қонақ болып барған Сұңғат Сәрсемхан әбден таяқ жеп, мейрамхана алдында қайтыс болған. Оның қазасына кінәлі болуы мүмкін деп екі азамат ұсталыпты. Алматы облысы Талғар ауданда осы іске қатысты сот отырысы өтуде деп мәлімдейді 31 арна.

23 жастағы Сұңғат үшін сыныптасы Дархан мен Айзаданың үйлену тойы өміріндегі ең соңғы отырыс болды. Алғашында Сұңғат «ақшам жоқ, тойға бармаймын» деген екен. Артынан келіншегінің неке жүзігін ломбардқа өткізіп, 10 мың теңгесін алып барыпты.

Той үстінде жастар бір-бірімен ерегісіп қалады, артынан ерегес қан-жоса төбелеске ұласқан. Сұңғат оңбай таяқ жеп, мейрамхананың алдында тілге келмей кетеді.

"Бірден күре тамырын ұстадым, тамыры соққан жоқ. Қолынан ұстадым, тамыры соққан жоқ. Сосын мен ойладым жүрегі тоқтап қалған шығар деп, жүрегіне 15 рет массаж жасадым. Мен ол кезде білдім Сұңғаттың кетіп қалғанын", - дейді сыныптасы Жанна.

Сараптама баланың бас сүйегі жарылғаннан қайтыс болғанын анықтады. Сотқа күдікті ретінде 1994 жылы туған екі азамат тартылып отыр. Сот отырысында тойда болған жастардың барлығынан сұрау алынып жатыр.

Бірақ жәбірленуші тарап бейнебақылау камерасына түсіп қалған видеоны негізге ала отырып, «Көлсай» мейрамханасының алдында жұдырықтасқан басқа жастардың да жауапкершілікке тартылуын талап етуде. Себебі қаза болған баланың туыстары Сұңғатты бәрі жабылып ұрып өлтірді деген ойда.

"Негізі темір нәрсемен ұрған баламды, баламның бетінде дақ бар. Дақ аяқпен тебілген дейді. Ол аяқпен тебілмеген. Аяқпен тебілсе дененің бетін сырады. Бұл жерде 5-6 бала жабылып ұрған баланы. Ұрғандар мойнына алмай тұр. Онымен қоймай ұрған баланың қатты тепкені сонша, оң аяғы ақсап, етіп әрең кетіп бара жатқаны көрініп тұр камерада", - дейді марқұмның әкесі.

Бір жыл бұрын ғана шаңырақ көтерген баланың артында жесірі мен 7 айлық қызы қалды.

Ал қайғыдан қабырғасы қайысқан анасы Жазира Қалығұлованың ұлының достарына деген өкпесі қара қазандай.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары