$ 444.22  476.38  4.82

Меруерт Түсіпбаева Баянды қойып, оның құрбысына килікті

Баян Алагөзовамен сөзжарыстан жалықпайтын Меруерт Түсіпбаева продюсерді қойып, енді оның құрбысы Динара Сәтжанға тиісе бастады. Әнші журналистің қазақша сөйлемейтінін сынап Instagram-парақшасына пост жазды.

«Мен танитын орыстардың көбі қазақша тым жақсы сөйлейді. Мая Веронская, Ольга Спирина... Пәле өзімізде. «Мен қазақша білемін. Бірақ орыс тілі арқылы танымал болдым» деді Динара Сәтжан. Сонда ол білсе неге сөйлемейді? Оған еліктейтін жас қыздарға қандай үлгі береді? Асылы Осман айтқандай, қазақтың наны тәтті, тілі ащы ма», – деді әнші желідегі жазбасында.

Айта кетейік, бұған дейін Түсіпбаева Баян Алагөзованың продюсерлігімен түсірілген «Баян Сұлу» телехикаясын сынап, бірнеше рет журналистерге сұхбат берген еді. Туындыда тарихтың бұрмаланғанын айтқан.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары