Синоптиктер наурыз айының алғашқы күндері Қазақстанның барлық аумағында күннің суытатынын болжады. Бүгін республиканың басым аумағында күн әдеттегіден жылы болғанымен, ертеңнен бастап өңірлерде боран соғып, аяз басталады. Бұл туралы «Қазгидромет» мамандары мәлімдеп отыр.
Шығыс Қазақстан облысы бойынша 28 ақпан күні ауа райының күндізгі температурасының +50C-қа дейінгі өткінші жоғарылауы, жауын-жашын (жаңбыр, қар), кей жерлерде қатты жаууы күтілуде. Осыған байланысты, қар еріп, мұздық құбылыстардың әлсіреп, сең буылып судың өзен арнасына шығуы, таулы өзендерде беткейлі ағынның пайда болуы мүмкін.
Кейіннен 1-2 наурызда ауа райы температурасының түнде -20-250C, күндіз -15-200C-қа дейін төмендеуі болжанады, қар, кей жерлерде қатты қар жаууы күтілуде. Кей жерлерде бұрқасын, тұман, көктайғақ, 28 ақпан-1 наурызда жел 23-28 м/с-қа күшейеді.
Қарағанды облысы бойынша 28 ақпан күні ауа райының күндізгі температурасының +30C-қа дейінгі өткінші жоғарылауы, жауын-жашын жаууы күтілуде (жаңбыр, қар). Осыған байланысты, қар еріп, жазықтық өзендерде беткейлі ағынның пайда болуы мүмкін.
Кейіннен 1-2 наурызда ауа райы температурасының түнде -17-250C, күндіз -13-280C -қа дейін төмендеуі күтіледі, кей жерлерде қар жаууы болжанады.
1 наурыздан бастап арктикалық ауа солтүстік өңірлерге қарай ағып, 2 наурызда Қазақстанның қалған бөлігін қамтиды. Түнде ауа температурасы қайтадан -20-30°C дейін, оңтүстік және оңтүстік-шығыста -10-20 °C, қиыр оңтүстікте -3-10 ° C-қа дейін төмендеуі болжанады, бұл 2...5°C климаттық нормадан төмен екенін көрсетеді.
Республиканың басым бөлігінде қар жауады, боран күтіледі, желдің екпіні 15-25 м/с дейін күшейеді, оңтүстік бөлігінде тұман мен көктайғақ болжанады. Суық күндер өткінші болады, 3 наурызда солтүстік ағындар қайтадан батыс ағындарға ауысады, бұл ауа температурасының көтерілуіне алып келеді.