$ 444.22  476.38  4.82

Ақтауда Наурыз мерекесін тойлау кезінде 70 жастағы әжей жоғалып кетті

Ақтауда Наурызды тойлау кезінде бұқаралық серуенге шығып, халықпен бірге мерекені қарсы алған 70 жастағы Бақыт Хисметова жоғалып кетті. Туыстарының айтуынша, ол бір топ тұрғынның арасына кіріп, содан ізім-ғайым жоқ болған.

Қазіргі таңда әжейді полицейлермен бірге ерікті азаматтар да іздеуге кірісіп кетті. Оның суреттері әлеуметтік желілер арқылы тарап, туыстары жергілікті тұрғындардан көмек сұрауда.

"Жағалауда бір топ адамның арасында жоғалтып алдық. Оның үстінде қоңыр түсті пальто, басында орамал және қолында қоңыр сөмкесі бар. Кімде-кім апамыз туралы қандай да бір ақпарат білсе 87027476332 телефон номеріне хабарласуларыңызды сұраймыз", - дейді жоғалған зейнеткердің қызы.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары