$ 444.22  476.38  4.82

Модель қыз араб олигархынан бас тартамын деп түрмеге жабылды

Дубайға модель жұмысына кеткен 23 жастағы Иркутск қаласының тұрғыны Екатерина Стецюк түрмеде жатыр. Бұл жайында «Россия» телеарнасындағы «Прямой эфир» жобасына көмек сұрап келген қыздың туыстары мен достары мәлімдеді.

Катяның құрбыларының айтуынша, ол Дубайда бизнесмен араб ханзадасын жолықтырған. Бәрі ертегідей болып басталғанымен, бұл оқиғаның арты қорқынышты түске айналады. Бір күні қызды пәтеріне алдап әкелген араб онымен жақындасқысы келген. Бірақ Катя көнбей қойыпты. Әлгі жерде бизнесмен қызды қорқытып, оған пышақ кезейді. Жанын сақтап қалуды ойлаған модель алтыншы қабаттан секіріп кеткен.

Сөйтіп өкпесі мен омыртқасынан зақым алған қыз ауруханаға түседі. Бірақ көп жатқызбай оны адам өміріне қиянат келтірді деген айыппен полиция түрмеге қамаған.

Сол уақытқа дейін модель қызға іздеу салған туыстары құқық қорғаушылардан оның абақтыда жатқанын біледі. Артынша, орыс қызды сол жердің полицейлері басқа есіммен тіркеп қойғаны анықталған.

Енді түрмеде жатқан Екатерина Отанына жуық арада орала ма, жоқ па белгісіз. Бірақ модельдің бұрынғы жігіті мен отбасы оны түрмеден шығарып алу үшін бар күштерін салып жатқандарын айтты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары