$ 498.34  519.72  4.85

Қостанайда махаббатына қолы жетпеген жасөспірім асылып өлді

Қостанайдың №1 кешкі мектептің оқушысы өз-өзіне қол салды. Бұл мәліметті қалалық білім бөлімінің басшысы міндетін атқарушы Гүлсім Оразбаева растады деп жазады Alau.kz.

17 жастағы жасөспірім жауапсыз махаббатан жалығып, туғандарына хат жазып, тастанды ғимарат ішінде асылып қалыпты.

«Ол өлер алдында қоштасу хатын жазып қалдырған. Ата-анасы хатты көре салып дереу іздеуге кірісіпті. Оны келер күні таңертең құрылысы бітпеген ғимарат ішінде асылып қалған жерінен тауып алған. Бала мектепте жақсы оқитын, отбасы жап-жақсы, ешқандай проблемалары болмаған. Өзі де сабақты жақсы оқыды. 9-сыныптан кейін Троицк авиациялық колледжіне оқуға түсікі келген болатын. Бірақ, түсе алмай қалды. Содан мектепке қайта келіп, кешкі ауысымда оқыды. Біз қайғылы жағдайды естіп есеңгіреп қалдық, туған-туыстарына көңіл айтамыз», – дейді Г.Оразбаева.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары