$ 444.22  476.38  4.82

Оралда ер адам 4 қабаттан құлап кетті

Оралда төртінші қабаттан құлап кеткен ер адамның жағдайы ауыр, деп жазады ҚазАқпарат.

БҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айнагүл Сақпосынованың айтуынша, Покатилов көшесіндегі үйдің төртінші қабатынан ер адамның құлап кеткені жөнінде жедел жәрдемге бүгін сағат 18.20-да қоңырау шалынған. Жедел жәрдем бригадасы оқиға орнына бес минуттан кейін жеткен.

«Шамамен 50 жастағы ер адамның қабырғалары сынған. Бас сүйегі мен миына зақым келген. Жағдайы ауыр күйінде қалалық көпбейінді ауруханаға жеткізілген», - деді А.Сақпосынова. Қазіргі кезде оқиғаның мән-жайы анықталу үстінде.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары