$ 444.22  476.38  4.82

СҚО-да тасқын су бір көпірді тұтастай шайып кетті

Солтүстік Қазақстан облысының (СҚО) Қызылжар ауданындағы Новоникольск ауылына өтетін көпірді су шайып кетті деп жазады Азаттық. Есіл өзеніндегі Сергеевка бөгенінен тасыған су Қызылжар ауданына жетіп, ауыл тұрғындарын әбігерге салды.

Новоникольск ауылы тұрғындарының айтуынша, елді мекенге келген тасқын су сағат сайын көтеріліп жатыр. Тұрғындар облыс орталығына қатынау қиындағанын айтады. Жергілікті биліктің айтуынша, су деңгейі санаулы күнде үш жарым метрге дейін көтерілген. Ауыл басшысы Елена Захарова

- Биыл су тез көтерілді. Сергеевка бөгеніндегі суды жібергені сол еді, шамамен төрт күнде ол бізге жетті. Екі сағаттың ішінде су 15-20 сантиметрге дейін көтерілді. Қазір көпірді су басып қалды, - дейді Елена Захарова.

Төтенше жағдай қызметі мамандарының хабарлауынша, Есілдің Сергеевка бөгеніндегі су деңгейі бір тәулікте 8 сантиметрге көтерілген. Бүгінгі күні жергілікті атқарушы органдар мен төтенше жағдай мамандары өзен бойындағы елді мекендер орналасқан жерлерге арнайы бақылау бекеттерін орналастырған. Олар Қызылжар ауданындағы Жарқайың және Новокаменка ауылдары, Есіл ауданындағы Николаевка және Семипалатное ауылдарында қойылған. Қызылжар ауданындағы Новоникольск ауылы облыс орталығынан 70 шақырым қашықта тұр. Ресми мәлімет бойынша, ауылда 1345 адам тұрады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары