$ 441.44  473.09  4.75

3 жасар қыз кездейсоқта жүкті анасын атып алды

АҚШ-тың Иллинойс штатында көліктен оқталған тапанша тауып алған үш жасар қыз жүкті анасын атып алды деп жазады The Mirror. Қазір дәрігерлер әйелді аман алып қалудың амалын жасап жатыр.

Көлік автортұрақта тұрған. Оқ алдыңғы орындықта отырған Шаник Томастың иығына тиіпті.

Куәгерлердің айтуынша, қан сорғалаған келіншек көліктен түсіп, адамдардан көмек сұраған. Ол жүктіліктің алтыншы айында болыпты.

«Оның жерге құлап түскенін көрдім. Өте көп қан аққан, асфальт қанға боялған. Сол уақытта екі баласы да қозғалыссыз қарап тұрды», – дейді куәгерлердің бірі.

Әйелінің дауысын ести сала дүкеннен жүгіріп шыққан ер адам шошығаны сонша, не істерін білмей абдырап қалыпты. Полицейлердің айтуынша, ол тапаншаны көліктің артқы орындығының ортасындағы қуысқа жасырып қойған екен. Кішкентай бала оны тауып алған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары