$ 444.32  473.33  4.76

Тараздық полицей жас қызды ұрып тастады (ВИДЕО)

Instagram әлеуметтік желісіндегі bespredel.kaz парақшасында полицейдің жас қызды ұрып жатқан видеосы жарияланды. Видео авторы оқиғаның Тараз қаласында болғанын жазған.

Видео түнгі уақытта түсірілген. Онда бойжеткен қыздың ер адамды балағаттап жатқаны анық естіледі. Ер адам жауап ретінде қыздың бетінен шапалақпен бірнеше рет тартып жібереді. Артынша, полиция формасындағы тағы екі адам келіп, бойжеткенді қолтықтап алып кеткен.

Желі қолданушылары тәртіп сақшыларының бұл әрекетін сынға алып, заң аясында жазалануларын талап етуде.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары