Ақтауда ер азамат жолдан өтіп бара жатқан автокөлікке өз-өзін тастап жіберді. Бұл сәтті жақын маңдағы үйлердің терезесінен куәгерлер түсіріп алған.
Оқиға 6 шілде күні 31б шағынауданында болған. Видео авторының айтуынша, ер адам оғаш әрекеттер жасап, оны тыныштандыру үшін полиция өкілдерін шақыртуға тура келіпті.
Бейнекадрлардан ер адамның сау емес екенін анық байқауға болады, Ол жол ортасына шығып, әр көлікке бір секірмек болады. Ақыры, біреуінің алдыңғы терезесін сындырып тынды.
- Полция келді, көліктің алдыңғы терезесі сынған. Ол төрт полицеймен төбелесіп, ақыры кісенделді, - деді куәгерлер.