$ 494.87  520.65  4.91

Қостанай облысында жоғалып кеткен бойжеткеннің өлі денесі табылды

20 шілдеде үйінен шығып кетіп қайта оралмаған 18 жастағы Дарья Махартованың өлі денесі табылды деп хабарлайды облыстық ІІД-нің баспасөз қызметі. Бойжеткеннің мүрдесі Қостанай қаласына жақын маңдағы орман алабынан табылған.

Дарья Махартован 20 шілдеде кешкі сағат 22:00 шамасында Үлкен көпірге қарай жүгіріп келемін деп үйінен шығып кеткен екен. Ол сол кеткеннен қайта оралған жоқ. Анасы түнімен күтіп, хабар болмаған соң өзі полицияға арызданған.

«Із-түзсіз жоғалып кеткен Затобол ауылының тұрғынының денесі Қостанай қаласының іргесіндегі орман алқабынан табылды. ҚР ҚК-нің 99-бабы (адам өлтіру) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды. Жедел іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр», - деді ІІД баспасөз қызметіндегілер.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары