$ 444.22  476.38  4.82

Алматы іргесіндегі аквапаркте 5 жасар бала суға батып кетті

Алматы облысындағы ең танымал аквапарктердің бірінде 5 жасар бала бассейндегі суға батып көз жұмды. Бұл туралы оқиғаға куә болғандар айтып жатыр.

Төтенше жағдайлар комитетіндегілер де болған жайтты растады. "Сағат 11:45-те Іле ауданындағы Байсерке ауылында орналасқан "Дос" демалыс аймағындағы бассейннен куәгерлер 2013 жылғы сәбиді тауып, оны сыртқа алып шыққан. Бала үлкендердің қарауынсыз қалып, бассейндегі суға тұншығып қалған", - деп мәлімдеді ТЖК-нің баспасөз қызметі.

ТЖК мамандарының айтуынша, бала судан шығарылғанда әлде де тірі болған. Алайда, ауруханаға жеткізілгеннен кейін жарты сағаттан кейін есін жимастан қайтыс болыпты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары