Оның айтуынша, 2018-2019 жылдары Қостанайда төрт үлкен спорттық кешен ашылу жоспарда бар. Оның ішіндегі спорттық ойын-сауық орталығы ендігіде қолданысқа дайын екен. Ал жаңадан салынып жатқан Мұз кешені келесі жылы ашылады.
«Жаңа ашылғалы жатқан Мұз кешеніне Денис Теннің есімін беру жай ғана әңгіме емес. Бұл жайында маған бір журналист хабарласып, жаңа аренаға спортшының есімін беруге қалай қарайтынымды сұраған болатын. Мен бұл бастаманы қолдайтынымды айттым. Біз бұл ұсыныстың бастамашысы боламыз деген ойдамын», – деді Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы.
Telegram-каналға жазылып, бәрінен хабардар болыңыз!