$ 447.4  477.55  4.76

«Намыс деген бар ма сендерде?»: Өзбектерден жеңіліп қалған қазақ көкпаршыларын қырғыз әріптестері кейіп тастады (ВИДЕО)

Қырғызстанда көшпенділер ойыны өтіп жатқаны белгілі. Кеше қазақ көкпаршылары ширек финалда Өзбекстан құрамасынан жеңіліп, жарыс жолынан шығып қалған болатын. Финалда қазақтармен жолығуды мақсат еткен қырғыз көкпаршылары болса біздің спортшыларды кейіп ұрысып тастады. Бұл сәт түсірілген видеоролик әлеуметтік желілерді шарлап жүр.

Қазақ көкпаршыларына ұрысып жатқан ер азаматтың танымал көкпаршы Талас Бегалиев екені айтылады. Ол өз сөзінде қазақтардың спортқа саясатты араластырғанын, Өзбекстан құрамасынан әдейі жеңілуі мүмкін екенін айтады. Тіпті, қазақ көкпаршыларының намысы бар екеніне де күмәнданатынын жеткізген.

Ал, микроавтобус ішінде отқан қазақстандық көкпаршылар жауап қайтара аламайды. Тек қауға сақалды бір отандасымыз өздеріне дұға жасауын өтінген.
Еске салайық, кеше Көшпенділер ойынында көкпардан Қазақстан ұлттық құрамасы өзбектерге 5:4 есебімен жеңіліп қалған болатын. Жарыс басталған күні де отандастарымыз көкпарға атсыз барып, дүйім жұртың алдында масқара болған еді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары