$ 448.15  483.46  4.86

«Бетінен бір тепті»: Әйелі күйеуін көңілдесімен төсекте жатқан жерінен ұстап алған (ВИДЕО)

7 арнадан шығатын «Өз ойым» бағдарламасында ер адам ағасы мен жеңгесі арасындағы келеңсіз жайтқа қалай куә болғаны жайлы айтты. Күйеуін басқа қызбен төсекте ұстап алғанымен қоймай, жеңгесі сонысы үшін таяқ астында қалған көрінеді.

«Ағам жатқан кезінде жеңгем ұстап алған. Ана қыз қашып кетті. Өз ауылдастары ғой ол да. Ағам қой десе де, жеңгем қоймайды. Сосын ағам бір тепті жеңгемді», - деген жігіт бір кездері ұйып отырған отбасының бұзылайын деп аман қалғанын айтты.

Желі қолданушылары өз отбасын өзі масқаралап отырған жігітті бір сөгіп алды. Ерлер жағы отбасы болған соң ондай жағдайдың қалыпты екенін жазып жатыр. Ал әйелдер, келіншегінің көзіне шөп салғанымен қоймай, оған қол жұмсаған ер адамды кешірмеу керек деп пікір қалдырған.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары