$ 494.87  520.65  4.91

Ақтөбеде наиб-имам әйел адамды көлігімен қағып өлтірді

7 қыркүйек күні Ақтөбеде наиб-имам әйел адамды жаяу жүргіншілер жолағында қағып кетті деп жазады Aktobetimes.kz.

«7 қыркүйек күні Актобе-Орск автожолындағы жаяу жүргіншілер жолағында 30 жастағы «Лада-Гранта» автокөлігінің жүргізушісі 57-дегі әйелді қағып кетті. Алған жарақатынан әйел ауруханада көз жұмды», – дейді Ақтөбе облыстық ІІД-нің баспасөз қызметі.

Полицейлер бұдан басқа мәлімет бермей отыр. Қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Ал көршілері оқиғаны былай баяндайды:

«Ол әйелмен Комсомол ауданында бірге тұрғанмын. Кейін Ақтөбеге көшіп кеткен. Жақсы араласып едік. Обал болды. Оны ескі мешіт имамының орынбасары қағып кеткен. Жерлеу рәсіміне кететін шығынды өздері көтеріп жатыр екен», – дейді марқұмның ескі танысы.

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі оқиғаға қатысты қандай да бір ақпарат беруден бас тартты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары