$ 444.22  476.38  4.82

«Сиыр да жиіркеніп тұрған сияқты»: Замира Сұлтанның суреті желіде хит болды

Facebook әлеуметтік желісінің Асхат Дархамбаев есімді қолданушысы «Төрт саусақ» тобының парақшасына Замира Сұлтанның сиыр сауып отырған суретін жүктеді. Атышулы келіншектің теріс қылықтарына үйреніп қалған көпшілік оны бұл образда елестете алмай дал болды.

Әңгімесі жыныстық қатынастан әрі аспайтын «Қалаулым» бағдарламасының «жұлдызы» Замира суретте сызылып, сиырдың қасында отыр. Басына қызыл орамалын тақпаса да, қолына қызыл шелегін алуды ұмытпапты әйтеуір.

Желі қолданушыларының бірі оны ауылдық жерге тұрмысқа шықты деп болжаса, енді бірі бұл образының түк те жараспайтынын айтады.

«Ауылдың түк білмейтін баласының басын айналдырып, тиіп алған шығар», «Сиыр да жиіркеніп тұрған сияқты ғой», «Түк те жараспайды. Қойшы-ей, қарағым», «Алдымен сиырдың астын тазалап алшы. Болмаса таза жерге апарып сау», - деп жазды олар.

Айта кетейік, Замира Сұлтанды жұрт Еуразия бірінші арнасынан шығатын «Қалаулым» бағдарламасы арқылы таниды. Үнемі қыз балаға тән емес қылықтарымен әрі бейәдеп сөздерімен көптің сынына жиі ұшырайды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары