23.09.2018, 16:11

Тәжікстандық әйел кішкентай немересін тірідей көміп тастаған

Тәжікстанның оңтүстігіндегі Әбдірахмон Джоми ауданы прокуратурасының тергеушілері үш жастағы баланың өлімін зерттеп жатыр. Кісі өлтірді деген күдікпен оның әжесі - 58 жастағы Ходжара Ашурова ұсталды деп жазады centralasian.org.

Алдын ала тергеу барысында абақтыда отырған әйел жасаған қылмысын мойындаған. Қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүріп жатыр.

Үш жастағы Бехрузжонның әкесі Гүлмұрод Ашуровтың айтуынша, қайғылы оқиға 12 қыркүйекте болған. "Бұл кезде мен Ресейде жұмыс істеп жүргенмін. Анам хабарласып, Бехрузжон суға батып кетті деді. Ол кезде мен оның алдап отырғанын білмедім. Елге келіп, баланы бірнеше күн іздедік. Денесін 18 қыркүйекте үйден алыс емес жерден таптық… Мен тергеу абақтысына бардым, бірақ анаммен сөйлесе алмадым", - деді Гүлмұрод Ашуров.

Тергеу тобының мәліметі бойынша, әже немересін тірідей көміп тастаған. "Ходжара Ашурова немересін тірідей көміп тастағанын көрсетті. Біз жантүршігерлік жағдайға куә болдық. Баланы әбден қинаған. Бір қолы жоқ. Аяқтары әржерде жатты. Қарны жарылған", - деді ауыл басшысы.

Аяусыздықпен кісі өлтіру себебі әзірге белгісіз. Бірақ Ашурованың туыстарының айтуынша, әжесі келінімен үнемі жанжалдасатын болған.

Telegram-каналға жазылып, бәрінен хабардар болыңыз!

Тағы да оқыңыздар:
Загрузка...
SN туралы      Жарнама

      info.skifnews@gmail.com

«SN.kz» ақпараттық порталына гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.