$ 483.23  534.74  5.12

Павлодарда 14 өзбекстандық азамат ұсталды

Павлодар облысында Қазақстан Республикасына келу талаптарын бұзған 876 шетелдік азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды деп хабарлайды облыстық ІІД баспасөз қызметі.

- Сотқа 358 әкімшілік материал жолданды, - деді баспасөз қызметінде. - Оларды қарау нәтижесінде ТМД елдерінің 34 азаматын елден шығару шешімі қабылданды. ТМД елдерінің 805 азаматы және алыс шетелдің 1 азаматы бойынша Қазақстан Республикасына уақытша келу мерзімдері қысқартылды.

Департаменттің мәлімдеуінше, шетелдік күштерді заңсыз пайдаланудың 33 фактісі анықталды. Шетелдік азаматтарды заңсыз жалдаған жұмыс берушілер ҚР ӘҚБтК 519-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Шетелдіктердің Қазақстан Республикасына келудің белгіленген талаптарын сақтауын қамтамасыз етпегені үшін ҚР 147 азаматы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. «Нелегал-2018» жедел-профилактикалық шарасын өткізу үшін полицейлермен ЖШС базасын тексеру барысында сәйкес құжаттарынсыз жүргізуші ретінде жұмыс атқарып жүрген 14 Өзбекстан Республикасының азаматтары ұсталды. Осы факт бойынша ҚР ӘҚБтК 517-бабы 2-бөлімі және 5-бөлімі бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылып, 15 АЕК әкімшілік айыппұл мен 3 тәулікке ұстау түрінде жаза кесілді», - деді департаментте.

Айта кетейік, ағымдағы жылдың мамыр айынан бастап Ертіс ауданы аумағында заңсыз еңбек еткен 18 Өзбекстан азаматтары анықталды. Бір шетелдік азаматқа қатысты елден шығару туралы, ал қалғандарына әкімшілік айыппұл түріндегі шешім қабылданды.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары