$ 444.32  473.33  4.76

Қостанайда 16 жастағы қыз жоғалып кетті

24 қыркүйек күні Қостанайда 16 жастағы Полина Киселева жоғалып кетті деп жазады Alau.kz.

Полина кешке біреумен сөйлесіп келемін деп жарты сағатқа шығып кеткен. Содан оралмаған.

«15 минуттан кейін шықтым. Жоқ. Сосын телефонына қоңырау шалдым. Өшірулі. Бүгін колледжіне сабаққа да бармапты. Бәріне хабарластым. Полицияға шағым түсірдім», - деген анасы қызын көрген-білгендер болса хабарласуын өтініп отыр.

Қандай бір ақпарат білетіндер 8 702 658 09 88 немесе «102» пультіне хабарласуына болады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары