Қостанай аудандық сотында Дарья Махартованың өліміне қатысты қылмыстық іс қаралды деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, 20 шілде күні сағат 22.00 шамасында Қостанай облысының Затобол кентінде 18 жастағы Дарья Махартова үйден шығып кетіп, қайтып оралмаған.
Іс материалдарында көрсетілгендей, полицейлердің өз міндетін дұрыс атқармауынан куәгерлер хабарлаған қылмыс орны жіті қаралмай, Қостанай АІІБ жедел кезекші көмекшісінің нұсқауы еленбеген.
ҚР ҚК 99-бабы («Адам өлтіру») бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды. Кейінірек полицейлер 26 жастағы күдікті азаматты тұтқындады.
«2018 жылдың 20 шілдесінде Р. және Е. атты қос полицей қылмыс орны туралы нақты ақпаратты ала отырып, оның алдын алуға мүмкіндігі болса да, «SsangYong» маркалы көліктің салонынан шықпастан, тасжол учаскесін көзбен ғана шолып шыққан. Сосын немқұрайлылық танытып, оқиға орнынан кетіп қалған. Аймақты шолып шыққан соң полицейлердің бірі түскен хабарламаның расталмағаны жөнінде рапорт жазған және 2018 жылдың 21 шілдесінде материал номенклатуралық істерге енген», - деп түсіндірілді облыстық сотта.
Осы іске қатысты полицейлер 2018 жылдың 3 қазанында сот алдында жауап береді. Оларға кінәларын мойындау туралы айып тағылып, прокурормен процессуалдық келісімге келу ұсынылды.