$ 449.58  486.94  4.86

Қазақстанның Өзбекстандағы елшісі мемлекет қаржысын ұрлады деген күдікке ілінді

Қазақстанның Өзбекстандағы елшісі аса ірі көлемде мемлекет қаржысын ұрлады деген күдікке ілінді. Бұл туралы ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Жанна Бастарова Астанада өткен жиында мәлімдеді.

«Қазақстанның Өзбекстандағы елшісі аса ірі көлемде мемлекет қаржысын ұрлады деген күдікке ілінді. Ол жауапты мемлекеттік қызметті атқара отырып, Қазақстан Республикасының Өзбекстандағы Елшілігі әкімшілік ғимаратының құрылысына арналған жұмыс актілеріне қол қойды. Шығынның жалпы сомасы 140 млн теңгені құрап отыр», - дейді Бастарова.

Дереккөз: Tengrinews.kz

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары