$ 486.44  534.31  5.06

Ақтауда әйел 9 жасар баласын буындырып өлтірген

Өз баласын өлтірді деген күдікпен ұсталған әйелді танитындардың айтуынша, ол 9 жасар ұлын жылыту батареясына байлап, одан соң буындырған. Бұл туралы «Lada.kz» жазады.

Оқиға 14 қазанда 5-шағынауданындағы 3-үйде болған. Әйел 9 жасар баласының қолы мен аяғын жылыту батареясына байлап, одан соң буындырып өлтіріпті. Ол №7 мектептің 3-сыныбында оқыған.

«Әйел күйеуімен ажырасып кеткен. Бірақ әкесі ұлына жиі келіп тұратын. Соңғы уақытта әйел өзгеріп кеткен еді. Мектепке барып бірнеше адаммен ұрысқан», – дейді әйелді танитындар.

Айыпталушыны танитын адамдардың айтуынша, әйел оқиға орнында ұсталған. Ол қылмысын толығымен мойындап, еш қарсылық білдірмеген.

Бастауыш сынып оқушыларының ата-аналары №7 мектеп-лицейінде мұндай ақпарат таралмағанын айтады. Ал мектеп директоры Гүлден Иманғалиева бұл істі құқық қорғау органына тапсырғанын хабарлады.

 

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары