17.10.2018, 16:42

Сот отырысында ІІД басшысының қызы Ескендір Сүлейменовтің өлімі үшін кешірім сұрады

Астананың Есіл аудандық № 2 сотында Олжас Сүлейменовтің немересі қаза тапқан жол апатына қатысты сот отырысы өтіп жатыр деп жазады Tengrinews.kz.

Малика Мұхитова ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 3-бөлігі бойынша («Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы») айыпталып отыр. Бүгін сот отырысында сотталушы Мұхитова Ескендір Сүлейменовтің отбасынан кешірім сұрады.

«Өтінемін, мені кешіріңіздерші. Күнде Алладан Ескендір мен сіздердің мені кешірулеріңізді өтінемін. Осылай болғанын қаламадым. Өтінемін, кешіріңіздерші. Сіздерге қалай қиын екенін білемін», - деді Малика Мұхитова Ескендір Сүлейменовтің ата-анасына.

Еске сала кетейік, Олжас Сүлейменовтің немересі Ескендір қаза тапқан жол апаты Астанада 2018 жылдың 22 маусымында Мәңгілік ел мен Керей, Жәнібек хандар даңғылдарының қиылысында болған еді. Кейін полиция тергеу жұмыстары жайлы айтып берген болатын. Сот алдына 29 жастағы Малика Мұхитова келді. Сотталушы Мұхитованың «Самрұк-Қазына» АҚ-та жұмыс істейтіні белгілі болды.

«Олжас Сүлейменовтің немересін қағып кеткен қыздың әкесі Қызылорда облыстық ІІД басшысы болып жұмыс істейді: Мұхитов Қайрат Болатұлы. (...) Жүргізуші Мұхитованың тарапынан мынандай әрекет - ол солға бұрылған кезде жол қозғалысы туралы ереженің 13.5 пунктін бұзғаны анықталды. Мұхитова Алматы көшесінен Мәңгілік ел даңғылына бара жатып, Керей Жәнібек хандарының көшесіне келгенде солға бұрылды. Бұл жерде ол мотоциклшіге жол беруі тиіс болатын», - деп хабарлаған еді осыған дейін Астана қалалық ІІД басшысының орынбасары Санжар Әділов. 

Telegram-каналға жазылып, бәрінен хабардар болыңыз!

Тағы да оқыңыздар:
Загрузка...
SN туралы      Жарнама

      info.skifnews@gmail.com

«SN.kz» ақпараттық порталына гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.

   

Skifnews жаңалықтарын Facebook-те
оқу үшін "Нравится" белгісін басыңыз

  

 

©2016-2018 Skifnews.kz. Авторлық және жарнама құқықтар толығымен сақталады.