Жаңалықтар. Қазақстанның жаңалықтары

Қазақстан, Қазақ, Жаңалықтар, Тіл, Қазақша, Қазақша жаңалықтар, Әдебиет, Телеарналар, Газеттер, Радиолар, Електронды бақ, Дін, Ақпарат, Билік , Хабар,Азаттық, Қаз ақпарат , жаңалықтар бүгінгі, жаңалықтар бүгінгі, жаңалықтар қазақстан, жаңалықтар 2015, жаңалықтар қазақша, бүгінгі жаңалықтар қазақша, қазақстан жаңалықтары, жаңалықтар кз, Қазақша жаңалықтар

31.10.2018, 12:21

Алматы облысында қызының шашындағы битін тазаламақ болған әйел, оны өлтіріп алды

Алматы облысында әйел адам 2016 жылғы қызының шашындағы битті кетіремін деп баласынан айырылып қалды. Жантүршігерлік жағдай Талғар ауданындағы Туғанбай ауылында болған деп жазады ҚазАқпарат.

Белгілі болғандай, анасы 2013 және 2016 жылғы қыздарының шаштарындағы битті кетіру үшін «Неоцидол» қолданған. Аталған дәріні суға ерітіп, қыздарының шаштарына жаққан.  Көп ұзамай  дәрі  балаларға әсер берген. Құсып, әлсіреп, ауыздарынан көбік аққан қыздарын анасы ауылдық амбулаторияға жеткізген.

 Аталған мәліметті облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі растады.

«Анасы екі қызын алып,  ауылдық амбулаторияға барған. Бірақ 2016  жылғы баласы амбулаторияға өлі күйінде жеткізілді. Ал 2013 жылғы баланың жағдайы жақсарып келеді. Бастапқыда ол жансақтау бөлімінде болған. Қазір жалпы палатаға ауыстырылды. Қазір қыз бала Іле ауданындағы Алматы  аймақтық балалар аурухасында ем қабылдауда», – деді  аталған ведомстваның өкілі Ләйлім Әубәкірова.

Жалпы, ғаламтордағы мәлімет бойынша, «Неоцидол» малдағы кене, биттерді өлтіруге арналғаны жазылған.

Telegram-каналға жазылып, бәрінен хабардар болыңыз!

Тағы да оқыңыздар:
Загрузка...
SN туралы      Жарнама

      info.skifnews@gmail.com

«SN.kz» ақпараттық порталына гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.