$ 444.22  476.38  4.82

«Хат жазып кеткен»: Астанада көпқабатты үйден тағы бір жігіт секіріп өлді

Астанада «Байқоңыр» тұрғын үй кешенінде 22 жастағы жігіт 23-қабаттан секіріп мерт болды деп хабарлайды Астана қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Қайғылы жағдай 7 қараша күні түнде болған. 1996 жылғы азамат тұрғын үйдің 23-қабатынан өзін тастап жіберген.

«Оқиғаға қатысты сотқа дейінгі тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қаза тапқан жігіттің кім екені анықталды. Қажетті сараптама жұмыстары тағайындалды. Марқұмның жазып кеткен хаты табылды. Тергеу мүддесіне сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді», - дейді департаменттегілер.

Еске сала кетейік, былтыр да дәл осы «Байқоңыр» тұрғын үй кешенінде 2 қыз секіріп өлген болатын.

Дереккөз: Zakon.kz

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары