$ 498.34  519.72  4.85

Теміртауда баланы қылғындырған тәрбиеші соты болып жатыр

Қарағанды облысының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында балабақшада баланы ұйықтату үшін қылғындырған тәрбиешіге қатысты іс қаралып жатыр деп жазады Tengrinews.kz.

«ҚР Қылмыстық кодексінің 140-бабының 2-бөлігі бойынша («Кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу жөнiндегi мiндеттердi орындамау») айыпталған Пірмеханова Үмітке қатысты іс қаралып жатыр», – деді судья Кеменгер Имашев.

Теміртаудағы жекеменшік «Домик» балабақшасының тәрбиешісіне 300 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл, түзеу жұмыстары немесе 75 тәулікке дейін қамауға алынуы мүмкін. Алайда зардап шеккен қыздың анасы мұны жеткіліксіз деп санайды.

«Біз барынша қатаң жаза берілуін талап етеміз. Істі басқа бап бойынша қарастырғанын қалаймыз. Біздің ойымызша бұл жеңіл жаза. Мұндай әрекет жасаған адам жазасын өтеуі тиіс. Қазір қызымда проблемалар пайда болды. Дұрыс ұйықтамайтын болды. Ашушаң болып кетті. Бірақ біз оны құжатпен дәлелдей алмаймыз, себебі бала әлі кішкентай. Бүгінде сонда баланы қылғындыруға болады да, бірақ ол адамды жазалау қиын екен. Балада ауытқулар бар екенін дәледеу үшін оны бір айға психиатрлық диспансерге жатқызу керек. Және оны бір жыл уақыттан соң жасау қажет. Сондықтан біз қазір ештеңені дәлелдей алмаймыз», – дейді қыздың анасы.

Анасының айтуынша, қазір қызы басқа балабақшаға барып жүр. Бірақ бойында белгісіз үрейлер пайда болған екен. Қазір қызы 2,2 жаста.

Еске сала кетейік, мұның алдында Теміртауда тәрбиешінің баланы ұйықтату үшін қылғындырғаны жайлы хабарланған болатын. Әлеуметтік желілерде жарияланған видеода әйелдің төсекте жылап жатқан баланың қасына барып, оның басын көрпемен орап жатқанын көруге болады. Бұл видео Желі қолданушыларын шулатып, бірнеше сағаттың ішінде мыңдаған пікір қалдырылған. Алайда біраз уақыттан кейін ол видео өшіріліп тастады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары