$ 449.3  489.69  4.89

«Найманның» келесі жекпе-жегі қашан өтетіні белгілі болды

ММА бойынша өнер көрсетіп жүрген Қуат «Найман» Хамитов келесі жекпе-жегінің қашан өтетінін мәлімдеді. Бұл туралы ол Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды.

Хамитов 27 желтоқсан күні Мәскеудегі Fight Nights Global турнирінде жұдырықтасатынын жазған. Ал қарсыласы кім екені әлі белгісіз.

Еске сала кетейік, Қуат «Найманның» соңғы жекпе-жегі 2017 жылдың қарашасында Алматыда өткен еді. Судьяларадың шешімімен жерлесіміз ирландиялық Питер Куиллиді жеңгенімен, кейін Ресейдің ММА федерациясы жекпе-жектің нәтижесін тең аяқталды деп өзгерткен болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары