$ 444.22  476.38  4.82

Алматы облысында дүкен түгелімен өртеніп кетті

Алматы облысы Көксу ауданы Балпық би кентінде «Жандос» азық-түлік дүкені өртеніп кетті деп хабарлайды ҚР ІІМ ТЖК.

Қызыл жалын 500 шаршы метр аумақты шарпыған. Өрт туралы хабар Астана уақытымен таңғы 06:12-те түсті. Тілсіз жау сегізге таман толығымен сөндірілді. 

Өртті сөндіруге Алматы облысы ТЖД жеке құрамының 18 адамы мен алты техника жұмылдырылған. Қаза болғандар мен зардап шеккендер туралы хабарланған жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр. 

Осыдан төрт күн бұрын Қостанайда бес қабатты тұрғын үйден өрт шығып, екі адам көз жұмған еді. Тағы жетеуі денесін күйік шалып, ауруханаға түсті.

Дереккөз: Sputniknews.kz

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары