$ 498.34  519.72  4.85

Астана мен Ақмола облысында дауылды ескерту жарияланды

Астана қаласы мен Ақмола облысында ауа райының күрт құбылуына байланысты ескерту жарияланды деп хабарлайды Қазгидромет.

19 желтоқсан күні Астанада бұрқасын соғып, таңертең және кешке солтүстік-батыс, батыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады. 

Сондай-ақ, ертең Ақмола облысының кей жерлерінде тұман түсіп, бұрқасын болады, солтүстік-батыс, батыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады. Ескертудің дөп келу ықтималдылығы - 95-100 %.

Дереккөз: ҚазАқпарат

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары