$ 448.15  483.46  4.86

БҚО-да ер адам үш кісіні өлтіріп, денелерін өртеп жіберген

Ер адам екі әйел, бір еркекті қинап өлтіріп, артынша оларды үймен қоса өртеп жіберген деп жазады Мой город.

Қанды қылмыс 21 желтоқсан күні болған. БҚО полиция департаментіне Теректі ауданы Федеров ауылындағы Межколхозная көшесіндегі үйдің өртенгені туралы хабарлама түседі. Өрт сөндірушілер тобы үйден қинап өлтіру белгілері бар үш адамның мәйітін тапқан.

Полиция қызметкерлерінің жедел іздестіру жұмыстары барысында 45 жастағы күдікті ұсталды. "Кісі өлтіру" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. 

"Өрт болған үйдің ішінен 63 және 68 жастағы екі әйел, сондай-ақ, 50 жастағы ер адамның мәйіті табылды. Өрт сөндіруге арнайы 2 техника, 7 адам жұмылдырылды. Жалын толығымен сағат 00:45-те сөндіріліп бітті", - дейді БҚО Төтенше жағдайлар департаменті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары