$ 523.17  550.06  4.93

2018 жылы әлемде 94 журналист мерт болған

2018 жылы 94 журналист мерт болған. Бұл туралы 31 желтоқсан күні Халықаралық журналистер федерациясы (IJF) мәлімдеді. Федерация есебіндегі дерек бойынша, 94 журналисттің кейбірі қақтығыс аймағында немеса теракт кезінде қаза тапқан. Кейбірі қасақана өлтірілген. Журналистер өлімі бойынша Ауғанстан алда тұр деп жазады Азаттық.

Брюссельде орналасқан ұйымның есебінше, 2017 жылы әлемде 82 журналист қаза тапқан. IJF тілшілер өліміне қатысты есепті 1990 жылдан бері жүргізіп келеді. Ұйым дерегінше, журналистер өлімі ең көп тіркелген - 2006 жылы 155 медиа қызметкері қаза тапқан.

30 сәуірде ДАИШ содырлары мойнына алған Кабулдағы екі терактіден кем дегенде 25 адам қаза тапқан. Олардың қатарында Азаттықтың Ауған қызметінің екі журналисі мен өзге де ақпарат құралдарының бес қызметкері болған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары