$ 498.51  522.84  4.81

Қарағандыда денесін күйік шалған әйелдің мәйіті табылды

Қарағандыдағы Октябрьский ауданында бес қабатты үйдегі пәтерлердің бірінен өрт шықты деп хабарлайды ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің өкілі Нұрсұлтан Нұрахметов.

Өрт сөндірушілер 32 адамды құтқарды, оның бесеуі бала. Жалын 15 шаршы метр аумақты шарпыған.

Оқиға орнынан 1937 жылғы әйелдің күйік шалған мәйіті табылды. Сондай-ақ, түтіннен уланған 1988 жылы туған ер адам ауруханаға жеткізілді.

Өрттің шығу себебі анықталуда. Жалынды сөндіруге 22 адам және Қарағанды облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің 6 техникасы жұмылдырылды.

Дереккөз: NewTimes.kz.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары