Жаңалықтар. Қазақстанның жаңалықтары

Қазақстан, Қазақ, Жаңалықтар, Тіл, Қазақша, Қазақша жаңалықтар, Әдебиет, Телеарналар, Газеттер, Радиолар, Електронды бақ, Дін, Ақпарат, Билік , Хабар,Азаттық, Қаз ақпарат , жаңалықтар бүгінгі, жаңалықтар бүгінгі, жаңалықтар қазақстан, жаңалықтар 2015, жаңалықтар қазақша, бүгінгі жаңалықтар қазақша, қазақстан жаңалықтары, жаңалықтар кз, Қазақша жаңалықтар


08.01.2019, 18:18

«Біз бандамыз»: Әріптестерін құттықтаймын деп қызметінен қуылған полицей жұмысқа тұра ала ма?

Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Жанат Сүлейменов атышулы видеодан кейін құқық қорғау органдарынан қуылған полицейге қатысты түсініктеме берді деп жазады Sputniknews.kz.

Бұған дейін желіде Қарағанды академиясы бірінші курс басшысының орынбасары А.Тастайбековтің Жаңа жылмен қылмыс әлеміндегі жаргонмен құттықтап жатқаны жайлы видео тараған еді. Желіні шулатқан видеодан кейін қызметкер ішкі істер органдарынан қуылды.

Сүлейменов полиция қатарынан кеткен қызметкердің оқытушы болмағанын атап өтті.

«Аталған факті бойынша ҚР ІІМ Өзіндік қауіпсіздік департаменті қызметтік тергеу жүргізді. Нәтижесінде курс басшысының орынбасары ішкі істер органдарынан қуылды. Болашақта ол ішкі істер органдарына жұмысқа тұра алмайды», — деді министрдің бірінші орынбасары ОКҚ-де өткен брифингте. 

Бұған қоса, оның айтуынша, аталған курстың басшысы мен академия басшысының міндетін атқарушы да қызметінен босатылған.

«Ал академияның жаңа басшысы Жаңа жылдан кейін тағайындалды. Бірақ академия басшысы, полиция генерал-майоры Жан Табылдинұлы Кенжетаевтың жұмыстан босатылуы бұл іспен байланысты емес. Өйткені ол желтоқсан айының басында жасының келуіне байланысты қызметінен босату туралы рапорт берді. Сондықтан бұл жерде жай ғана сәйкестік болып отыр», — деді Сүлейменов.

 

Telegram-каналға жазылып, бәрінен хабардар болыңыз!

Тағы да оқыңыздар:
Загрузка...
SN туралы      Жарнама

      info.skifnews@gmail.com

«SN.kz» ақпараттық порталына гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.