Жаңалықтар. Қазақстанның жаңалықтары

Қазақстан, Қазақ, Жаңалықтар, Тіл, Қазақша, Қазақша жаңалықтар, Әдебиет, Телеарналар, Газеттер, Радиолар, Електронды бақ, Дін, Ақпарат, Билік , Хабар,Азаттық, Қаз ақпарат , жаңалықтар бүгінгі, жаңалықтар бүгінгі, жаңалықтар қазақстан, жаңалықтар 2015, жаңалықтар қазақша, бүгінгі жаңалықтар қазақша, қазақстан жаңалықтары, жаңалықтар кз, Қазақша жаңалықтар


16.01.2019, 15:46

Шымкентте автобус қағып кеткен көше тазалаушы әйелдің 4 баласы жетім қалды (ВИДЕО)

Шымкентте автобус қағып кеткен көше тазалаушы әйелдің 4 баласы жетім қалды. Төрт жыл бұрын марқұм күйеуін жерлеген екен деп жазады Otyrar.kz.

«ЛТД тұрмыс» серіктестігінің  жұмысшысы қаза тапқан жол апаты таңертеңгі уақытта болған. Әйел жаяу жүргіншілер жүретін жолдың бетон блоктарын сыпыр жатқан. Сол уақытта қарсы беттен №69 автобусы келе жатқан.

«Біз жолдың екі жағын да тазалаймыз. Мен де сыпырып жатқанмын. Бір уақытта әріптесім көрінбей қалды. Қарасам, автобус тоқтап тұр. Оның қасында адамдар жиналып алыпты. Жүгіріп барсам, әріптесім жерде жатыр. Басы қанға боялған. Автобус жүргізушісінен сұрағанымда жедел жәрдем бірден шақырған айтты. Сол уақытта әйел тірі еді. Бірақ жедел жәрдем келгенше қайтыс болып кетті», – дейді әріптесі.

Марқұмның жасы 40-та. Артында төрт бірдей баласы жетім қалған. Балалар төрт жыл бұрын әкелерінен айырылған екен. Қазір олар туыстарының қолында қалды.

Отбасының қайғысына бірінші болып, «ЛТД — тұрмыс» ЖШС-нің басшысы бастаған ұжым ортақтасты. Марқұм келіншек бұл серістестік қарамағында екі жылдан бері аула сыпырушы болып жұмыс істеп келген. Жұмыс орнындағы әріптестері отбасыға көңіл айта отырып, материалдық көмек көрсетті.

ІІД өкілдерінің мәлімдеуінше, аула сыпырушыны қағып кеткен жүргізушінің автобусы айып тұрағына жеткізілді. Сот-медициналық сараптамалар тағайындалып, оның қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады дейді құзырлы орган өкілдері.

Telegram-каналға жазылып, бәрінен хабардар болыңыз!

Тағы да оқыңыздар:
Загрузка...
SN туралы      Жарнама

      info.skifnews@gmail.com

«SN.kz» ақпараттық порталына гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.