$ 443.85  474.3  4.8

Оралда әкім жалғызбасты әкеге уақытша тұруға баспана берді

Оралда төрт баласын жалғыз асырап отырған Еслям Айтмабетовке әкім уақытша тұруға баспана берді деп жазады Мой город.

«Біз жаңа үйге көшіп бардық. Ендігіде пәтер ақшасын төлемейтін болдым. Бізге жақсылық жасаған және ақшалай көмектескен адамдарға рахмет айтамын», – дейді төрт баланың әкесі.

Еслям үлкен ұлын үйдің қасындағы мектепке ауыстырып та үлгеріпті. Енді кенже қызын балабақшаға беруді ойлап отыр.

Отбасы үйдің кезегі бойынша 4833-орында тұр.

Айта кетсек, Еслям Айтмабетов төрт баласын жалғыз асырап отырған әке. Ол отбасының жағдайын айтып, көпшіліктен көмек сұраған болатын. Балалардың анасы отбасын тастап кеткен. Еслям жұмыс істегенімен, оның тапқан 30 мың теңге жалақысы азық-түлікке әзер жетеді.  

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары