Талдықорғанда 29 жастағы көпбалалы ана босану кезінде қайтыс болды деп жазады NewTimes.kz.
Қайғылы жағдай жайлы ақпарат әлеуметтік желіде жарияланған. 1990 жылғы әйел егіз баланы өмірге әкеп жатып қайтыс боп кеткен.
Бұл ақапаратты Алматы облыстық денсаулық сақтау басқармасы растап отыр. Жүкті әйел ауруханада 2 апта ем қабылдапты.
«Әйел 15 күн бойы ауруханада ем алды. Босанар кезінде қан кетті. Сосын жүрегі күтпеген жерден тоқтап қалды. Өкінішке қарай дәрігерлер жас ананың өмірін сақтап қала алмады. Қазір қызметтік тексеріс жүргізіліп жатыр», - дейді Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
Айта кетейік, жас ананың артында 4 баласы қалды.