$ 494.87  520.65  4.91

Адасқан «діндарлар»: Ақтауда ерлі-зайыптылар өз анасын ұрып өлтірді

Ақтауда ұлы мен келіні қарт әйелді аяусыз ұрып өлтірді. Ол медициналық көмек те алып үлгермеген деп хабарлайды Ақтау қалалық соты.

Ерлі-зайыптылар С және М қарт әжені өз пәтерінде ұрып-соғып, кейін төсегіне апарып жатқыза салған.

Артынша келіні енесінің бас жағында тұрып дұға оқыған. Ал, ер адам анасын бар салмағымен тізесімен басып тұрған. Соған қарағанда ерлі-зайыптылар теріс ағымды ұстанған болу керек.

«Бұл соққы марқұмның ауыр жарақат алуына әкеп соқтырған. Ол көп кешікпей қайтыс болды», – дейді бұл істі қараған судья Гүлнар Байтұрова.

Сот ерлі-зайыптыларды марқұмның өліміне кінәлі деп тауып, оларды 8 жылға бас бостандығынан айырды. Бірақ сот шешімі әлі заң күшіне енбеді.

Дереккөз: Tumba.kz

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары