$ 448.15  483.46  4.86

Ақтөбелік дәрігерлер аяғы жоқ, есін жоғалтып алған науқастың жақындарын іздейді (ВИДЕО)

Ақтөбедегі жедел жәрдем ауруханасында 30 жастағы ер адам желтоқсан айынан бері жатыр.  Ол өзі жайында, яғни жасы нешеде, қайда дүниеге келген және бұрын немен айналысқанынан хабарсыз  деп жазады rikatv.kz.

Дәрігерлер оның аты-жөні мен жасының нешеде екенін ғана анықтай алған. Екі жыл бұрын Тимур Бахитов екі аяғынан айрылғаны және оның бұрын Жем қаласындағы колонияда жазасын өтегені белгілі болыпты. Осы қыста аяғын тағы үсік шалып, ауруханаға қайта түсіпті.

Тимур отбасы жайында ештеңе айта алмаған. Ол адамдармен де көп араласа бермейді екен.

Жақын күнде Тимурдың жақындары табылмаса, онда оны мүгедектер үйіне жіберуіміз мүмкін дейді дәрігерлер.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары