Жаңалықтар. Қазақстанның жаңалықтары

Қазақстан, Қазақ, Жаңалықтар, Тіл, Қазақша, Қазақша жаңалықтар, Әдебиет, Телеарналар, Газеттер, Радиолар, Електронды бақ, Дін, Ақпарат, Билік , Хабар,Азаттық, Қаз ақпарат , жаңалықтар бүгінгі, жаңалықтар бүгінгі, жаңалықтар қазақстан, жаңалықтар 2015, жаңалықтар қазақша, бүгінгі жаңалықтар қазақша, қазақстан жаңалықтары, жаңалықтар кз, Қазақша жаңалықтар

14.03.2019, 11:52

Жаңаөзенде полиция жұмыс талап еткен 11 адамды үйлерінен алып кетті

Жаңаөзенде жұмыссыздар наразылығына келіп жүрген 11 адамды полиция 13 наурыз күні 21.00 шамасында әлдебір іске куә ретінде шақырып, үйінен алып кеткен. Полиция оларды бір жарым сағатқа жуық уақыт ұстаған. Олардың арасында қарт әйелдер де бар деп жазады Азаттық.

Жаңаөзенде бірнеше күннен бері ондаған жұмыссыз күн сайын әкімдік алдына келіп, жұмыс талап етіп жүр. Басқармада отырған азаматтардың айтуынша, 13 наурызда түсте әкімдік алдында тұрған оларға полиция өкілі келіп, наразылықтарының заңсыз екенін айтқан.

Жаңаөзендіктер сөзінше, «полиция өкілдері келіп, жиналғандарды, сөйлегендерді әкімдік терезесінен видеоға түсіріп, сол арқылы кім екенін анықтаған».

Олардың айтуынша, полиция «[Әкімдік алдында] не істеп тұрсың? Күн сайын неге онда тұрасың? Митингіге шығып тұрғаныңды білесің бе? Бұл – заңсыз. Енді шықпа, шықсаң жауапқа тартыласың» деген.

Наразылар «Біз митингіге шығып тұрған жоқпыз, жұмыс талап етіп келіп тұрмыз. Аштан-аш үйде отыра береміз бе?» деп жауап берген.

Басқармаға келген полиция өкілі «Қазір сөйлесіп жатырмыз. Не үшін шақырылғаны анықталып жатыр. Қазір шығады. Мұнда ешкім қалмайды» деген.

11 наурызда Жаңаөзенде жұмыссыз жүрген 50-60 адам әкімдік алдына жиналған. Олар «әкімдік берген жолдаманы ұстап, 350 адамдық жұмыс орнына барғанымызбен, «орын толып қалды» деп қайтарғанын» айтқан. 

Telegram-каналға жазылып, бәрінен хабардар болыңыз!

Тағы да оқыңыздар:
Загрузка...
SN туралы      Жарнама

      info.skifnews@gmail.com

«SN.kz» ақпараттық порталына гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.