$ 443.85  474.3  4.8

Астанада жолаушы такси жүргізушісін тонап, пышақтап кетті

Астанада такси болып жүрген ер адам Дүкенұлы көшесіне жолаушыны жеткізіп тастайды. Бірақ үйдің ауласына келгенде көлік жүргізушісі мен жолаушының арасында кикілжің туған деп хабарлайды Астана Полиция депаратментіннің баспасөз қызметі.

Күдікті көлік жүргізушісін пышақпен қорқытып, одан ақша талап еткен. Артынша оған пышақ жарақатын салып, оқиға орнынан қашып кетеді. Сол аралықта кездейсоқ өтіп бара жатқан ер адам жүргізушіге көмектесіп, жедел жәрдем мен полиция шақырған.

Жедел іздестіру барысында бұрын сотты болған 28 жастағы Жамбыл облысының тұғыны ұсталды. Қазіргі уақытта «Қарақшылық» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізілуде.

Дереккөз: Newtimes.kz

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары