$ 494.87  520.65  4.91

«Қазақтан қыз алып, қан бұзылды»: Айгүл Орынбек аңдамай сөйлеген Әбдіжаппар Әлқожаны жауапқа тартуды талап етті

Эстарада әншісі Әбдіжаппар Әлқожа бұған дейін «31» арнадан шығатын «Өнер мен өмір» бағдарламасында өзінің Қожа руынан екенін, алайда аталары кезінде қазақтан қыз алып, «қанымыз бұзылды» деген болатын. Оның дәл осы сөзі белгілі заңгер Айгүл Орынбекке жақпай қалды. Ол әншіні халыққа тіл тигізді деп айыптап, заң алдында жауап беруін талап етіп отыр. 

Заңгер құқық қорғаушыларға әншінің ұлтаралық жанжал тудырып отырғанын, ҚР Қылмыстық кодексінің 174-бабы бойынша заңды өрескел бұзғанын айтып желіге жазба қалдырды. 

«Әлеуметтiк, ұлттық, рулық, нәсiлдiк, тектік-топтық немесе дiни алауыздықты қоздыру бабымен жазалансын! Сонда қазақ елінде тұрып біз оларды бұзып жатырмыз ба?  Қазақтың қаны бұзылған деп отыр ма? Қазақтың қыздары бұзылған ба?», – деп жазды Айгүл Орынбек.  

Еске сала кетейік, Әбдіжаппар Әлқожа «Аталарымыз үш жүзден, қазақтан алып қойды. Сөйтіп қан бұзылды. Егер қазақтан араласқан болса, олардан ишан шығу қиын» деп сұхбат берген болатын. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары