$ 444.22  476.38  4.82

Өскеменде автокөлік жолдан өтіп бара жатқан әйелді баласымен бірге қағып кетті

Қарбышев көшесінде Toyota Camry автокөлігінің 30 жастағы жүргізушісі жолдан өтіп бара жатқан әйелді баласымен бірге қағып кетті деп жазады ustinka.kz.

Әйел 8 жасар баласымен жаяу жүргіншілер жолағынан өтіп бара жатқан. Куәгерлердің айтуынша, соққы қатты болған. 

«Екеуі екі жаққа ұшып кетті. Бала зорға демалып жатты. Тірі қалды ма білмеймін. Жүргізушінің жылдамдығы өте жоғары еді», – дейді куәгер. 

Анасы мен баласы ауруханаға жеткізілді. Олардың қазіргі жағдайы жайлы ақпарат әзірге жоқ. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары