$ 444.22  476.38  4.82

А.Перуашев: «Ұлттық банк банкротқа ұшыраған банктерді құтқарады да, суға батқан халықты сақтандыруға көңіл бөлмейді»

ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Тұрғындарды алдын ала су тасқынынан сақтандыру керек деп есептейді. Мұндай ойын бүгін ол Мәжілістегі жиында айтып, Премьер-министр мен Ұлттық банк төрағасына депутаттық сауалын жолдады.

«Халық қалаулысы» табиғи апаттың болатынын біле тұра оған алдын ала қамданбайтын үкімет пен Ұлттық банкті қоса сын астына алды.

«Сақтандыру тетіктері бар. Біз неліктен осы сақтандыру саласын дамыта алмаймыз? Ұлттық банкіміз қайта сол коммерциялық банктерді құтқарумен айналысып отыр. Қарапайым халыққа керек нәрсе осы. Әсіресе, төтенше жағдайда сақтандыру саласына еш назар аудармайды. Сақтандыру компаниялары өз алдымен жүгіріп жүр», - деп ашынды "Ақ жол" фракциясының жетекшісі.

Яғни, Ұлттық банк пен Үкімет шұғыл тұрғын үйді сақтандыру нарығын дамытуы тиіс. Ол үшін шенеуніктер бірінші адамдарға алдын ала қамдануды, өз мүлкіне жауапкершілікпен қарауды үйретуі қажет. Әркім төтенше жағдай бола қалса деген қауіппен жеке баспанасын, өзге де дүние-мүлкін күні бұрын сақтандыруы керек. Сақтандыру нарығын дамытуға Ұлттық банк жауапты. Ал біздің атқамінерлер елдімекендерді су басқанда ғана ақша жан-жақтан іздеп сабылады дейді депутат.

Дереккөз: КТК телеарнасы

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары