$ 514.93  536.04  5.18

Экс-салафит: «Сәләфтарға әйел тек тән құмарлығын қандыру үшін қажет»

25 жастағы Әнуар Бақытжанов (аты-жөні өзгертілді- ред) бірнеше жыл бойы салафиттердің шырмауында болды. Оның негізгі міндеті сектаға жаңа адамдарды тарту болған. Қанша адамды арбап, торға түсіргені қазір есінде жоқ. Caravan.kz порталына сұхбат беріп, бар сырын ақтараған жігіт сұмдық жағдайлардың басын ашты.

- Қазір мен шәйтанның шырмауында болғанымды түсінемін. Өзімді ғана емес өзгелердің де өмірін қор қыла жаздаппын.

Бақытжановтың айтуынша, салафиттер басқа адамдарды өздеріне арбау ісімен ашық айналысады.

Адамға психикалық түрде әсер етудің ең кең таралған түрі ол жамағатпен бірге құлшылық ету барысында, яғни адам босаңсыған сәтте сеніміне кіру.

- Мен Жезқазған өңіріненмін. Сәләфиттер тобына тап болған кезде 19 жаста болдым,- дейді Әнуар. – Ол кезде көршілерім салафиттер болатын. Олармен мешітке барар жолда таныстым. Олар маған келіп менің діни сенімім туралы сұрай бастады. Мен ол кезде салафизм жайлы аз білетінмін және дәстүрлі исламнан қандай айырмашылығы барынан хабарсыз едім. Мен олармен бірге намаз оқып, дәрістеріне қатыса бастдым.

Салафиттердің мұсылмандық өзге ағымдардан ерекшелігі, олар христиандардан көрі «кәпір» шииіттер мен сүнниттер және солардан тараған ағымдарды жек көреді, - деді бұрынғы сәләфтік жігіт.

Екі жыл сәләфиттердің шырмауында жүрген Әнуар өзінің достарын кәпір деп есептейді. Бұған қоса сәләфтықтар оған қыздармен араласуға тиым салады. Ал жаңа адамдар ретінде өз достарын тартуды жөн санайды. Осылайша көп адамның тағдырымен ойнап жүргенімді әуелгіде түсінген жоқпын, дейді бұрынғы сәләфтік.

- Мысалы әйелдерді алайық Салафиттер оларды адам ретінде санамайды. Олар үшін әйел тек тән құмарлығын қандыру үшін қажет.Олар әйелдерді жиі ауыстырады.Үйлене салып, ажыраса салады және үйіне басқасын әкеледі. Ешқандай себепсіз ажырасады, дейді Әнуар.

Әйелдерге өте дөрек әрі қатал қарайды. Үнемі ұрып-соғады. Егер түнде ұнамай қалса қатаң жазалайды.

Бұл шайтандар жас қыздардың аңқаулығымен, білімсіздігін пайдаланып, ғаламтор арқылы неке қияды. Ал кейде тіпті телефон арқылы атқарады. Егер олай болмаса қыздарды өздерінің құпия жиналыс өткізетін жалдамалы пәтерлеріне шақырады. Қысқасы қызбен жыныстық қатынасқа түсу үшін кез елген анайы тәсілді қолданады. Ал мақсатына жеткен кезде немесе жалыққан кезде талақ айта салады. Негізінен мұндай неке бірнеше күннен бір айға дейін созылады.

Осылайша салафиттердің қулықпен жасалған сексуалды торына түскен қыздар қолдан қолға өтеді.

Кейде олар өздері қыздарды достарына уақытша пайдалана тұруға ұсынады. Негізінен мұндай қыздар көбіне дүниеге келген балаларының әкесі кім екенін білмейді. Қаншама қыздың тағдыры осылайша ойран болды. Өкінішті. Олардың әрқайсысы біреудің қызы емес пе.

Осындайларды көріп жиіркеніп кеттім. Ақыры кету туралы шешім қабылдым.

- Сектадан кеткен кезде қорқытып-үркіткен жоқ па?

- Жоқ. Бірақ бұның не, қалайша адастың, деді. Мен жасырынып Ерсін Әміренің және басқа да имамдардың уағыздарын тыңдай бастадым. Және салафиттердің мені алдағанын түсіндім. Қазір мен Алматыда деструктивті діни ағымдардан зардап шеккендерді оңалту орталығына барып жүрмін.

Имамдар маған бәрін бүге-шігесіне дейін түсіндіріп берді. Басында мен олармен дауласатынмын.

Ақырындап салафизмнен күдіктене бастадым. Салафиттер мен вахабиттердің екеуі бір нәрсе. Олар шәйтанның балалары. Оларға тап бол оңай, ал шығу қиын. Бірақ мен олардың торынан сытылып шықтым.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары