Жаңалықтар. Қазақстанның жаңалықтары

Қазақстан, Қазақ, Жаңалықтар, Тіл, Қазақша, Қазақша жаңалықтар, Әдебиет, Телеарналар, Газеттер, Радиолар, Електронды бақ, Дін, Ақпарат, Билік , Хабар,Азаттық, Қаз ақпарат , жаңалықтар бүгінгі, жаңалықтар бүгінгі, жаңалықтар қазақстан, жаңалықтар 2015, жаңалықтар қазақша, бүгінгі жаңалықтар қазақша, қазақстан жаңалықтары, жаңалықтар кз, Қазақша жаңалықтар

05.12.2018, 16:26

Ақтөбеде осыдан бірнеше күн бұрын шұңқырға түсіп кеткен ер адамның өлі денесі табылды

Ақтөбеде шұңқырға түсіп кеткенін хабарлағаннан кейін жұрт ұзақ іздеген Кенжебай Алдашевтың денесі бүгін табылды. Еріктілер бір ай бойы іздеу жүргізіп, Ақшат ауылы маңындағы шұңқырдан 54 жастағы ер адамның денесін алып шықты деп жазады ҚазАқпарат.

«Іздеу жұмыстарына қатысқан еріктілер жарты сағат бұрын шұңқырдан Кенжебай Алдашевтың денесін тапты. Ол өзі хабарлағандай, Ақшат ауылы маңындағы шұңқырдан табылды. Еріктілер 10 қарашадан бастан күні бүгінге дейін күн сайын іздеуге шықты. Біздің іздеу тобымызда 30 ерікті бар. Әр күні 3, кейде одан да көп адам қатарымызға қосылды», - дейді Ақтөбедегі іздеу еріктілер тобының жетекшісі Екатерина Голотина.

Айта кетейік, 54 жастағы Кенжебай Алдашев өзінің шұңқырда екенін айтып, көмек сұраған болатын. Іздеу жұмыстарына төтенше жағдайлар қызметі мен полиция, еріктілер, тума-туыстары қосылды. Ал отбасы тауып берген адамға сыйақы тағайындаған болатын.

Telegram-каналға жазылып, бәрінен хабардар болыңыз!

Тағы да оқыңыздар:
Загрузка...
SN туралы      Жарнама

      info.skifnews@gmail.com

«SN.kz» ақпараттық порталына гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.