18.06.2018, 22:01

Назарбаев зияткерлік мектептерінде білім сатыла ма, әлде...

Сенгеніміз сен болсаң! Павлодарда атағы жер жарған Назарбаев Зияткерлік мектебі түлектерінің көпшілігі «Алтын белгілерін» қорғай алмады. Өз білімдерін іс жүзінде дәлелдей алмаған олар енді шу шығарып, барлығына жаңа оқу жүйесі кінәлі деп отыр деп мәлімдеді КТК телеарнасы.

«Алтын белгі» ала алмағанға түлектерден гөрі олардың ата-аналары ашулы: 12 жыл бойы кітаптан бас алмаған балаларымыздың еңбегі желге ұшты дейді олар. Тіпті олимпиадаларда жеңіске жетіп, инновациялық жобаларды жасақтағандықтары да ескерілмепті.

Бірақ, ата-аналар нағыз керек кезде білімдерін көрсете алмаған балаларына емес, жаңа жүйеге ренжулі. Яғни, бұрын сынақ кезіндегі қорытынды балға оқушының өткен оқу жылындағы білім көрсеткіші әсер ететін болса, қазір бұлай емес. Білімді бағалаудың жаңа жүйесі бойынша – түлектердің тағдырын қорытынды сынақ шешеді.

Назарбаев Зияткерлік мектебінің басшылығы ата-аналар бостан-босқа айқай-шу шығарып отыр дейді. Өйткені, «Алтын белгі» мен ерекше үлгідегі аттестаттың болмауы тегін білім алуға кедергі емес.

Гүлназ Жүкенова, Назарбаев Зияткерлік мектебінің директоры:

- Оқушының өзі күткен нәтижеге жете алмауы – қалыпты нәрсе ғой. Жалпы білім беретін басқа мектептерде де сондай жағдай болуы мүмкін. Бұл жерде де солай. Ал қазіргі таңда біздің оқушыларымыз Кембриджге түсуге мүмкіндік беретін халықаралық сынақты ойдағыдай тапсырды.

Мұндай жағдаймен келіспейміз деген ата-аналар апелляциялық шағым да түсірмек болыпты. Бірақ, сынақ қорытындысын өзгертуге рұқсат етілмейтін көрінеді. Айта кетейік, Павлодардағы Назарбаев Зияткерлік мектебін биыл 136 оқушы бітірді. Олардың ішінде жетеуі «Алтын белгіден» дәмелі болғанымен, үшеуі ғана қорғап шыққан. Енді олар өз білімдерінің әлдеқайда жоғары екендіктерін дәлелдегілері келсе, әрі тегін оқудан үмітті болса, тағы да сынақ тапсырулары тиіс.

Telegram-каналға жазылып, бәрінен хабардар болыңыз!

Тағы да оқыңыздар:
Загрузка...
SN туралы      Жарнама

      info.skifnews@gmail.com

«SN.kz» ақпараттық порталына гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.

   

Skifnews жаңалықтарын Facebook-те
оқу үшін "Нравится" белгісін басыңыз

  

 

©2016-2018 Skifnews.kz. Авторлық және жарнама құқықтар толығымен сақталады.