$ 444.22  476.38  4.82

Бердібек Сапарбаев тасқын судан зардап шеккен тұрғындарға материалдық көмек көрсетілетінін айтты

Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев тасқын судан зардап шеккен Махамбет ауылының тұрғындарымен кездесті деп жазады Informburo.kz. Халыққа басу айтқан әкім оларды сабырлы болуға шақырды.

«Жағдайы төмен, тұрмысы ауыр отбасылардың бәріне міндетті түрде көмек көрсетілетін болады. Біз не болып жатқанының түгел біліп отырмыз. Қазақта "сабыр түбі сары алтын" деген жақсы сөз бар. Сабыр сақтайық. Табиғатқа ешкім қарсы тұра алмайды. Тасқын тек Ақтөбеде болып жатқан жоқ, Қазақстанның өзге облыстарында, Ресейде, әлемнің түкпір-түкіпірінде су алып жатыр. Сондықтан, қазір ашуға салынбайық», - деді Б.Сапарбаев тұрғындармен кездесуі барысында.

Тұрғындар болса саудагерлердің пейлініе ренжіп, әкімге шағым айтты. Олардың айтуынша, сатушылар резіңке етіктердің бағасын бірнеше есеге қымбаттатып, жұрттың қайғы-қасіретінен пайда көріп қалуды ойлап отыр екен.

Қазіргі таңда өңірде тасқын салдарымен күрес жұмыстары жүргізіліп жатыр. Синоптиктердің болжамынша 18-21 сәуір күндері облыстағы бірнеше өзен арнасынан тағы асуы мүмкін. Бұл жайында жергілікті тұрғындарға ескерту жасалған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары